«Самұрық-Қазына» жастары түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістанда бас қосты
15/11/2022

Киелі Түркістан төрінде 10-13 қараша аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары мен еншілес ұйымдарында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі мамандарға арналған Жастар форумы өтті.
Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық белсенді жас мамандар қатысты. Жастарға Форум барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жеке басының дамуы және командылақ топта бірге қызмет атқару секілді тың ойлардың қатары айтылды.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бес қызметкері форумға белсенді қатысып, өздерін үздік командалар қатарында көрсетті.
Қызықты дерек: «Samruk-Kazyna Trust» қоры қызметкерлерінің орташа жасы - 32,5 жас!
Маған ұнайды
0
Добавить комментарий