«Самұрық-Қазына» жастары түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда бас қосты

15/11/2022

Киелі Түркістан төрінде 10-13 қараша аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары мен еншілес ұйымдарында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі мамандарға арналған Жастар форумы өтті.

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық белсенді жас мамандар қатысты. Жастарға Форум барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жеке басының дамуы және командылақ топта бірге қызмет атқару секілді тың ойлардың қатары айтылды.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бес қызметкері форумға белсенді қатысып, өздерін үздік командалар қатарында көрсетті.

Қызықты дерек: «Samruk-Kazyna Trust» қоры қызметкерлерінің орташа жасы - 32,5 жас!

Comments are closed.