Өтінім
Жобалар
Қор туралы
Жаңалықтар
Құжаттар
Жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін құру

Жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін құру

Бюджет 183 026 019 тг
Қамтылған өңірлер Абай облысы
ҮЕҰ атауы «QAMQOR INCLUSIVE» қоғамдық қоры
Мақсат Семей қаласының 5 мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған арнайы инклюзивті білім беру кабинеттерін құру.
Мақсатты топ Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар, олардың ата-аналары, педагогтер және инклюзияны қолдау кабинеттерінің мамандары
Қамту Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 275 бала
Жоба нәтижелері Инклюзияны қолдау кабинеттері 1 қыркүйекте Семей қаласындағы №3, 13, 17, 20 және 47 жалпы білім беретін мектептерде ашылып, жұмысын бастады. Қазір мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 275 бала кешенді көмек алып жүр. Кабинеттер Samruk-Kazyna Trust қоры инклюзивті білім беру саласының сарапшыларымен бірлесіп әзірлеген жаңа тұжырымдама бойынша жабдықталған. Бұрынғыдай әр маманға жеке бөлме бөлудің орнына, ауданы кемінде 60 шаршы метр болатын біртұтас ашық кеңістік (open space) жасалды. Мұнда дефектолог, логопед және психологпен жұмыс істеуге арналған аймақтар, балалардың шығармашылық қабілеті мен ұсақ моторикасын дамытуға арналған қыш шеберханасы, сондай-ақ емдік дене шынықтыруға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған жеке зал бар. Жыл бойы педагогтер мен бейінді мамандар заманауи әдістерді меңгеріп, әр баламен жеке жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру үшін арнайы оқудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Осылайша, бір кеңістікте білім беру, психологиялық және түзету көмегі, сондай-ақ дене қимылын қалпына келтіруге арналған сабақтар қатар ұйымдастырылған. Кабинеттер 2026 жылғы мамырда Астанада өткен қайырымдылық Charity Samruk Marathon марафонында жиналған қаражат есебінен жабдықталды. Оған 3 мың адам мен Halyk, NCOC, KPO, «Қазмырыш» және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» сынды 50-ден астам серіктес қатысты. Бұл бастама – Samruk-Kazyna Trust қорының Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі. 2026 жылы осындай кабинеттер Ақтөбе қаласындағы 10 мектепте де ашылды. 2024 жылдан бері жоба аясында барлығы 46 кабинет жұмысын бастады: 21-і Астанада, 10-ы Ақтөбеде, 5-еуі Семейде, 5-еуі Ақмола облысында және тағы 5-еуі Атырау облысында. Нәтижесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 3 мыңға жуық бала инклюзивті білім беру аясындағы арнайы көмекпен қамтылды.
AI Помощник

Есть вопросы? Спросите нашего AI-помощника!

Samruk-Kazyna Trust

AI Помощник

AI
Здравствуйте! Я помощник по вопросам благотворительной деятельности Samruk-Kazyna Trust. Как могу помочь?
AI