Өтінім
Жобалар
Қор туралы
Жаңалықтар
Құжаттар
Созақ аудандық орталық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеу

Созақ аудандық орталық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеу

Бюджет 4 061 674 565 тг
Қамтылған өңірлер Түркістан облысы
ҮЕҰ атауы «Туркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры
Мақсат Аурухана ғимараттарын күрделі жөндеу арқылы Созақ ауданы тұрғындарына медициналық көмек көрсету жағдайларын жақсарту.
Мақсатты топ Созақ ауданының тұрғындары
Қамту 60 000+ адам
Жоба нәтижелері Жоба жүзеге асырылу кезеңінде. Аудандық орталық аурухана ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың мақсаты – медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, пациенттерге қолайлы жағдай жасау және медицина қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек ортасын қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта іргетастарды, қабатаралық жабын плиталарын, шатыр мен сейсмикалық белдеуді күшейту, металл конструкцияларын орнатуға арналған ойықтарды жасау және басқа да құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда. Жоба аяқталған соң аудан тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы артып, аурухананың материалдық-техникалық базасы нығаяды. Сонымен қатар пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалып, емдеу-диагностикалық шараларды тиісті деңгейде жүргізуге мүмкіндік туады.
AI Помощник

Есть вопросы? Спросите нашего AI-помощника!

Samruk-Kazyna Trust

AI Помощник

AI
Здравствуйте! Я помощник по вопросам благотворительной деятельности Samruk-Kazyna Trust. Как могу помочь?
AI