Өтінім
Жобалар
Қор туралы
Жаңалықтар
Құжаттар
Петропавл қаласындағы
 «Арман» орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту,

Петропавл қаласындағы «Арман» орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту,

Бюджет 11 555 714 тг
Қамтылған өңірлер СҚО
ҮЕҰ атауы «Арман» балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
Мақсат Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытуына, өзіне-өзі қызмет көрсетуді меңгеруіне және дербестігін арттыруына көмектесу. Кешенді оңалту балалардың физикалық жағдайын жақсартуға, әлеуметтенуіне және қоғамға толыққанды бейімделуіне ықпал етеді.
Мақсатты топ Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар
Қамту күн сайын 12-14 бала
Жоба нәтижелері Орталыққа оңалтуға арналған заманауи екі түрлі жабдық сатып алынды. Оның бірі – аяққа түсетін салмақты имитациялайтын «Корвит» аппараты, екіншісі – қол мен саусақтардың қимылын қалпына келтіруге көмектесетін роботтандырылған қолғаптар. «Корвит» аппараты аяқтың табиғи тірек қимылдарын қайталап, мидың қозғалысқа жауап беретін орталықтарын ынталандырады. Ал роботтандырылған қолғаптар қол мен саусақтардың икемін арттырып, қимыл-қозғалысын қалпына келтіруге көмектеседі. Жаңа жабдықтар әр баланың қажеттілігіне қарай оңалту шараларын түрлендіріп, олардың тиімділігін арттыруға жағдай жасайды. Балаларға педиатр, мейіргерлер, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, логопед, психолог және әлеуметтік қызметкерден құралған мамандар тобы көмек көрсетеді.
AI Помощник

Есть вопросы? Спросите нашего AI-помощника!

Samruk-Kazyna Trust

AI Помощник

AI
Здравствуйте! Я помощник по вопросам благотворительной деятельности Samruk-Kazyna Trust. Как могу помочь?
AI