|
Жоба нәтижелері |
Жоба жүзеге асырылу кезеңінде. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұлттық музыкалық-сахналық өнерді сақтау мен дамытуда маңызды орын алады. Алайда сахналық жабдықтардың ескіруі заманауи жарық пен бейнебейнелеу шешімдерін қолдануды шектеп, спектакльдерді дайындау мен техникалық сүйемелдеуді қиындатқан.
Жоба аясында театрдың техникалық жабдықтары кешенді түрде жаңартылып, энергияны үнемдейтін заманауи жарық жүйелері, проекциялық жабдықтар мен серверлік шешімдер енгізілуде. Бұл театр ұжымының шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтіп, сахналық безендіру сапасын арттыруға және техникалық жабдықтарды заманауи талаптарға сәйкестендіруге жол ашады.
Жоба шеңберінде:
- ROBE заманауи жарық жабдықтары орнатылуда;
- сахналық бейнеэффектілер мен цифрлық декорациялар жасауға арналған Panasonic проекциялық жүйелері енгізілуде;
- цифрлық және мультимедиалық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін Apple серверлік жабдықтары орнатылуда;
- театр сахнасының техникалық мүмкіндіктері кеңейтілуде;
- опера мен балет қойылымдарын дайындауда жаңа көркемдік және техникалық шешімдерді қолдануға жағдай жасалуда.
Театрды техникалық жаңғырту жұмыстарының |