Өтінім
Жобалар
Қор туралы
Жаңалықтар
Құжаттар
Ә.Қастеев атындағы музейде ART-зертхана құру

Ә.Қастеев атындағы музейде ART-зертхана құру

Бюджет 31 929 231 тг
Қамтылған өңірлер АЛМАТЫ
ҮЕҰ атауы «20 лет Созидания» қоғамдық қоры
Мақсат Практикалық сабақтар мен интерактивті білім беру бағдарламалары арқылы тұрғындардың шығармашылық дағдылары мен мәдени сауаттылығын дамыту.
Мақсатты топ Алматы қаласының тұрғындары, балалар мен олардың ата-аналары, суретшілер, өнертанушылар
Қамту жыл сайын 40 000 адам
Жоба нәтижелері А. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде балалар мен ересектер жыл бойы шығармашылықпен айналыса алатын «АРТ-Лаборатория» ашылды. Мұнда кәсіби суретші-педагогтердің жетекшілігімен академиялық сурет салу, кескіндеме, композиция, графика және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Аумағы 110 шаршы метрден асатын зертхана кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнермен айналысуға қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Сондай-ақ шығармашылық жұмыстарды таныстыруға арналған заманауи фотоаппаратурамен жабдықталған арнайы фотостудия бар. Бұдан бөлек, мұнда шеберлік сабақтары, практикалық семинарлар мен ашық аспан астындағы сурет салу сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар музейдің nmirk.kz цифрлық порталы толық жаңартылып, келушілерге ыңғайлы әрі қолжетімді бола түсті. Енді музей қорындағы туындылар мен көрмелерді онлайн тамашалауға, ал 3D-тур арқылы музей залдарын виртуалды аралап, экспозициялармен қашықтан танысуға болады. Бұған дейін, өткен жылы, қордың қолдауымен музейде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шатыры мен едендері жаңартылып, инженерлік желілері ауыстырылды, көрме залдары жөндеуден өтті.
AI Помощник

Есть вопросы? Спросите нашего AI-помощника!

Samruk-Kazyna Trust

AI Помощник

AI
Здравствуйте! Я помощник по вопросам благотворительной деятельности Samruk-Kazyna Trust. Как могу помочь?
AI