ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандарына Тұрыш ауылының тұрғындарының 42% жүгінді

23/05/2025

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Тұрыш ауылында медициналық пойыздың алғашқы жұмыс күнінде 258 адам дәрігерлерге жүгінді. Тағы 14 тұрғын тұрғын үй, өтемақы және зейнетақы төлемдері бойынша медиаторлар мен заңгерлерден кеңес алды.

Ең көп сұранысқа ие болған мамандар — стоматолог, кардиолог және рентгенологтар. Әрбір тұрғын профильді дәрігерлерден кешенді тексеруден өтті.

Бір күн ішінде тек Тұрыш тұрғындарына ғана емес, жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына да көмек көрсетілді.

Тұрыштан кейін «теміржол үстіндегі емхана» Сайөтес ауылына жол тартты. Онда пойыз екі күн жұмыс істейді. Сонымен қатар, пойыз Болашақ, Қарақия, Шетпе, Ақжігіт, Бейнеу, Қорқол және Боранқұл ауылдарына аялдайды. Кестенің өзекті нұсқасы www.medpoezd.kz сайтында қолжетімді.

Пойыз құрамында 29 түрлі мамандықтағы дәрігер бар: терапевт, педиатр, хирург, кардиолог, стоматолог, гинеколог, офтальмолог, невропатолог және басқалар. Қан талдауы, УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастрофиброскопия және шағын хирургиялық операциялар сияқты диагностикалық қызметтердің толық спектрі қолжетімді.

Медициналық көмектен бөлек, тұрғындар еңбек және әлеуметтік дауларды шешуге бағытталған тегін құқықтық көмек ала алады.

Жоба еліміздің түкпір-түкпіріндегі, медицина мен құқықтық инфрақұрылымы жоқ 123 шалғай елді мекенді қамтиды.

Бастау ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі серіктестігімен жүзеге асырылуда.

Добавить комментарий