ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЕҰ ӨЗ ЖОБАЛАРЫНА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛА АЛАТЫНЫН БІЛДІ

16/09/2022

2022 жылдың 16 қыркүйегінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен және Жетісу облысы әкімдігі қызметкерлерімен кездесті.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі донорларының бірі бола отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан еліміздің барлық өңірінде жобаларды жүзеге асырады. Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы жүздесу жергілікті ҮЕҰ-дарды ынтымақтастыққа тарту мақсатында ұйымдастырылды.

ҮЕҰ бұқарада қалыптасқан әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өз жобаларын ұсына алса, қор тарапы олардың ішінен барынша көп халыққа пайдалы әрі жүйелі, орнықты болатынын қолдауға әзір.

«Біз бұл кездесуді аймақтық үкіметтік емес ұйымдарды жаңа әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Осылайша еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Бұл тұста қорымыз азаматтық секторды шағын бастамаларының ауқымын кеңейтуге шабыттандыруға күш салмақ. Мысалы шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс, тіпті бүкіл ел үшін игілікті болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз, Жетісу облысының белсенді ҮЕҰ-ын ынтымақтастыққа шақырамыз», - деп мәлімдеді «Samruk-Kazyna Trust» қоры Жобаларды басқару департаментінің бас менеджері Айнұр Бердалиева.

Шараға қатысқан ҮЕҰ өкілдері өздерінде бар жобалар туралы айтып бергеннен тыс, Қордың өңірлеріндегі қызметі мен жобаларына қызығушылық танытты.  

«Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Жетісу облысының дамуына үлес қосып келеді. Мәселен, 2019-2022 жылдар аралығында өңірде жалпы сомасы 553,8 млн теңгеге 8 жоба іске асырылды.

Бұл қаражатқа қор:

  • Үштөбе қаласы, Қаратал, Панфилов, Ақсу аудандары мен Қапал, Көктал ауылдарында балаларға арналған 3 ойын алаңдарын орнатты;
  • жергілікті ҮЕҰ-ға әлеуметтік бастамаларын іске асыру үшін 8 грант бөлді;
  • Талдықорған қаласындағы №27 орта мектеп-гимназиясынан және Жаркент қаласы, Панфилов ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп жанынан инклюзияны қолдау кабинеттерін ашты;
  • облыстың денсаулық сақтау саласына санитарлық машиналар мен медициналық жабдықтарды жеткізуді жүзеге асырды;
  • Талдықорған қаласында бейімделген спорттан 2 секция ашты: бочча - 17 бала, бейімделген жүзу - 20 бала;
  • облыстың перинаталдық орталығын нәрестелердің шетінеуі мен мүгедектігін төмендету үшін гипотермия аппаратымен жабдықтады;
  • бұдан басқа, 2022 жылы Талдықорған қаласында аутизм және басқа да психикалық кедергілері бар балаларға арналған орталық ашылады;
  • жыл соңына дейін Жетісу облысында ерекше балаларға арналған ерте араласу орталығы ашылады.

Сонымен қатар, Жетісу өңірінде жоспарлануда:

1) медициналық мекемелерге мамандандырылған автокөлік беру;

2) облыстың тиісті мекемелерін арнайы автокөлікпен (инватакси) жабдықтау.

Қазір Қор өңірді дамыту бойынша жаңа бастамаларға ашық екенін мәлімдейді. Өтінімді қалай беру туралы барлық ақпарат сайтта қолжетімді: sk-trust.kz. Сондай-ақ call-орталық жұмыс істейді: +7 (7172) 57-68-98.

Comments are closed.