ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Ұлттық оңалту орталығына 73 млн теңгенің цифрлы құрал-жабдығы табысталды 

24/10/2024

 «Самұрық-Қазына» АҚ Республика күні қарсаңында елордадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын құны 73 млн теңгеден астам D-WALL роботтандырылған зертханасымен қамтамасыз етті. Мұндай жабдықтау арқылы орталықтағы оңалту қызметі жетіле түспек. 

          Жаңа техникалық қондырғы сал ауруы мен аутизм сырқатына ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге жасалатын емнің сапасын жақсартады.

          «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы ретінде, біз, медицина саласын қолдауға, әсіресе балаларға қамқорлыққа ерекше көңіл бөліп келеміз. Оған дәлел, осы жылы жүзеге асырылған жобалардың ішінде денсаулық сақтау мәселелеріне 1 млрд теңгеден астам қаржы бағыттадық. Сондықтан бүгінгі оқиғаны осындай ауқымды игі істердің жалғасы деп білемін», - деді өзінің құттықтау сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Қор бұған дейін Қазақстанның аймақтарында 43 оңалту орталығын іске қосты. Жыл сайын «Саламатты Қазақстан» пойызы аясында шалғайдағы ауылдарда 100 мың адамға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Батыс Қазақстан медициналық университетінде жаңа онкологиялық оңалту бөлімі ашылып, Астанадағы Н. Бәтпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына 400 млн теңгеге озық құрал-жабдық табыс етілді.

Добавить комментарий