ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Туған елге саяхат» пойызы екінші сапарынан оралды

11/07/2023

10 шілде «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай іске қосылған «Туған елге саяхат» пойызы екінші сапарынан Астанаға оралды. Жас саяхатшылар бірінші Байқоңырда болып, одан кейін Түркістан мен Алматы және Алакөлде уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді.

Жас жолаушылар арасында «Өз өңірімді өркендеткім келеді» шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары бар.

Жобаның басты мақсаты – балаларды жан-жақты дамыту, болашақ мамандықты таңдауға бағдарлау, өз халқының мәдениетіне қанықтыру және де оларды қазіргі өмірдің алуан қырына бойлату. Сонымен қатар, жоба балалардың айналаға деген қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерін зерделеуге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулуға, патриотизмді нығайтуға бағытталған.

«Маған «Туған елге саяхат» жобасы өте ұнады. Осындай мүмкіндік сыйлаған «Самұрық-Қазына» қорына айрықша алғыс айтқым келеді. Біз аралаған қалалар күшті әсер еткеннен бөлек, сондай мейірімді, ізгі, көңілді жандардан тұратын ұжым еңсемізді көтеріп отырды. Іш пысуға қол тимеді. Жаңа достар таптым. Байқоңырда зымырандарды тамашаласақ, Түркістанда сәулет өнеріне тәнті болып, Алматының асқақ тауларына таңдай қақтық», - деп ойымен бөлісті екінші кезеңге Алматы қаласынан қатысқан Ералы Оразалин.

Бұған дейін алғашқы кезең қатысушылары 20-28 маусым күндері Астана мен Байқоңыр, Түркістан, Алматы және Бурабайда болса, соңғы қорытынды тур 19-30 шілде Астана – Алматы – Түркістан – Байқоңыр – Ақтау – Астана бағдарына жоспарланып отыр.

Осылайша 10-15 жас аралығындағы 600 бала Қазақстанның көрнекті жерлеріне барып, жазғы демалысын қызықты өткізеді.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта іске асырылуда.

Добавить комментарий