ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Туған елге саяхат» туристік пойызы: 600 бала туған елін 15000 шақырымға аралап шықты

30/07/2023

«Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған елге саяхат» жобасы осы жексенбіде өз мәресіне жетті. 600 бала қатысқан саяхат пойызы үш кезеңнің қорытындысында 15000 км жуық жолды жүріп Байқоңыр, Бурабай, Түркістан, Алматы, Алакөл, Астана және Ақтау секілді өңірлерді қамтыды.

Бүгін Қор өкілдері жобаның үшінші кезеңіндегі 200 баламен жүздесті. Өз кезегінде, бұл күні әсерлі сапардан оралған жас саяхатшылар туған елінің барлық сұлу қырына, оның тарихына бойлап, қанығуға, достар табуға және жаңа білім алуға берілген мүмкіндік үшін шын жүректен алғыстарын жеткізді.

Саяхатқа Астана және Ақмола (78), Алматы (71), Шымкент (81) және Маңғыстау (50), Солтүстік Қазақстан (10), Қостанай (32), Павлодар (34), Қарағанды (18), Ұлытау (12), Абай (10), Шығыс Қазақстан (21), Жетісу (13), Жамбыл (23), Қызылорда (57), Атырау (43), Батыс Қазақстан (10), Ақтөбе (37) қалары мен облыстарынан «Өз өңірімді өркендеткім келеді» шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары қатысты.

 «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан жобаның бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева өзінің құттықтау сөзінде қайырымдылық операторының қызметінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде балаларды қолдауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Біз жолда да, барлық аялдаған қалаларымызда да өте жақсы уақыт өткіздік - бәрі керемет! Пойызда күнде үйірмелерде жаңа нәрсе біліп, тәлімгерлермен ойын ойнадық, ағылшын тілін меңгердік, домбыра тарттық. Ал өңірлерде бізді қызықты саяхаттар мен ойын-сауық күтіп тұрды! Бұл менің өмірімдегі ең жақсы каникул болды!», - деп бөлісті ойымен Шымкент қаласынан Оразхан Мұратбек.

Туристік пойыздың әр үш кезеңінде 18 маман (педагог, психолог, аниматор, медбике) жұмысқа тартылды.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылықтың бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен және Әлеуметтік жобалар қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Добавить комментарий