ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

ШҚО-да ерекше балаларға арналған сауықтыру демалысының соңғы маусымы өтуде

29/09/2023

2023 жылдың 29 қыркүйегі Шығыс Қазақстан облысында ерекше балаларға арналған сауықтыру-демалыс лагерінің қорытынды маусымына арналған шара өтті.

1 қазан аяқталатын жобаға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы 98 млн теңге бөлінді. Тиісті 266 ерекше балаға арналған сауықтыру-демалыс, шығармашылық лагері барлығы 7 маусымды қамтып, жеткіншектер ата-аналарымен бірге табиғат аясында сергіп, бой жазды. Осылайша әр отбасыға жеке жазғы үй, күніне бес рет тамақтану ұсынылды.

Бағдарламада демалыс кезінде жаңа достар тауып, мәре-сәре болған балалардың жағдайын ескере отырып, әлеуметтік және медициналық іс-шаралар қарастырылды. Ата-аналар тікелей міндетті түрде балалардың қасынан ажырамаған мамандармен кеңесіп, басқа қатысушылармен тәжірибе-білім алмасты.

 «Біздің балаларымызды назардан тыс қалдырмай, тамаша демалыс ұйымдастырған демеушілерге айтар алғысымыз шексіз. Мұнда балаларға ұнады. Көздеріндегі қуанышты көріп, біз де бір жадырап қалдық», - деп әсерімен бөлісті ерекше баланың анасы Анна Шарапова.

Атап өткен жөн, лагерьге дефектолог, дене шынықтыру-сауықтыру мұғалімі және музыка жетекшісі секілді бағыттарда қызметкерлер жұмылдырылды.  

Еске сала кетсек, биыл Балаларды қорғау күні облыс орталығы Өскеменде,  «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен ерекше балаларға арналған ерте араласу мен аутизмі бар балаларға арналған 2 орталық ашылды. Бұдан бөлек, Қор бұған дейін «Ана мен бала орталығында» дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған оңалту орталығын жөндеп, жабдықтап берді.

Жалпы «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан ШҚО аумағында соңғы 7 жылда 1 млрд теңгеге жуық сомаға 14 әлеуметтік жобаны іске асырды.

Добавить комментарий