Семейлік «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының алғашқы түлектері өз ісін ашуға құрал-жабдықтар алды

27/01/2023

Семей қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері және облыс әкімінің орынбасарының қатысуымен «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының түлектеріне жабдықтар жиынтығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ел өңірлерін дамытуға бағытталған жобаларды әрдайым қолдайды.

Абай облысынан жобаның 29 қатысушысы өз ісін ашу үшін жабдықтар түріндегі гранттар алды - олар ноутбуктер, тігін машиналары, пештер, миксерлер, кушеткалар және мультимарок сканері және тағы басқалары. Жоба шеңберінде кешенді оқыту бес бейіндік бағыт бойынша «ЅММ», «Кондитерлік іс», «Сұлулық индустриясы», «Тігін ісі» және «Автоэлектриктер» мамандық игерді.

«Бұл жобаның мақсаты - сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және шағын гранттық қолдау көрсету арқылы адамдардың әл-ауқатын арттыру. Ұлытау облысында гранттар 14 түлекке, Жетісу облысында 24 қатысушыға берілді. Бүгін Семейде осы әлеуметтік жобаның тағы 29 түлегіне жабдық табыстағалы отырмыз», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Серғожа Қалиасқаров.

«Табысты отбасы» жобасы аз қамтылған отбасыларға, көп балалы аналарға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және бір бала тәрбиелеп отырған әкелер мен аналарға көмек көрсетуге бағытталған. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына осындай әлеуметтік жобаны қолдағаны үшін алғыс білдіргім келеді», - деді Абай облысы әкімінің орынбасары  Шалқар Байбеков.

«Табысы Отбасы» жобасының арқасында мен кондитер болдым және тапсырыстарды алып жатырмын. Бейіндік оқытудан басқа, біз тәлімгердің үлкен қолдауына ие болдық. Бізді бір ай бойы табысқа жетелеген барлық жаттықтырушылар мен ұстаздарға әрине «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының демеушілігіне алғысымды білдіремін»,- деді жоба қатысушысы Әсел Бағынғалиева.

Бүгін Абай облысы бойынша жабдықты 29 қатысушысы («СММ» - 10, «Кондитерлік ісі» - 6, «Бьюти индустрия» - 6) иеленді. Қазір екінші  айында 41 қатысушы білім алуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасының пилоты 2022 жылдың 1 желтоқсанында Абай, Жетісу, Ұлытау өңірлерінде, сондай-ақ республикасының Түркістан және Ақтөбе облыстарында басталды. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының кешенді қолдауымен іске асырылуда. Бейіндік оқыту, тәлімгерлік қолдау, жеке тұлғалық даму және бизнес-дағдыларды дамыту бойынша тренингтерден басқа, қатысушы сабақтарға белсенді қатысып, жаттықтырушы мен тәлімгердің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ол өз ісін бастау үшін қажетті инвентарь мен құрал-жабдықтарды тегін алады.  Осы аталғандар жобаның басты ерекшеліктері болып табылады.

 «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасын іске асыру кезендері туралы ақпарат БАҚ бетінде және @tabysty.otbasy жобасының инстаграм-парақшасында орналастырылады.

Comments are closed.