«Самұрық-Қазына» жобасының қолдауымен Жетісу облысының көпбалалы аналары табысты кәсіпкерге айналды
10/01/2024
Жетісу облысында «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының алғашқы түлектері оқу аяқталған соң және жабдық түрінде алған грант арқасында жеке бизнестерін ашты. Қатысушылардың бір бөлігі үйінде жұмыс істесе, бірқатары кәсіптерін кеңейтті. Ескелді ауданында тұратын көп балалы ана Аида Баймұхамбетова үшін жоба кәсіпкерлік мансабының бастамасы болды. Бизнесті жүргізу үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгеріп, ауылда шағын тігін цехын іске қосты. Жұмысының алғашқы айында Аида 1 миллион теңгеге тапсырыс алды. Қазір жанында 3 тігіншісі жұмыс істейді. Кәсібінің қыр-сырын іскер әйел әлеуметтік желіде белсенді түрде насихаттап келеді.
Өз өңірінде танымал кәсіпкер айналған жандардың бірі – алакөлдік көпбалалы ана Лаура Қананбай. Үй жағдайында түрлі торттар мен тоқаштар пісіреді. Жобаның тағы бір қатысушылары көп балалы аналар Ләйлягүл Түменова мен Ләйлә Мырзабаева «Сұлулық индустриясы» бойынша бейінді білім алып, бүгінде Талдықорған қаласының сұлулық салондарында табысты жұмыс істеуде.
«Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдаған «Табысты отбасы» жобасы 2022 жылы жұмысын бастап, Ұлытау, Жетісу, Абай, Ақтөбе, Түркістан және Ақмола облыстарындағы 350-ден астам қатысушыны қамтыды.
Добавить комментарий