ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» Сыр өңіріне 3 әлеуметтік нысанды тарту етті

01/10/2024

«Samruk Kazyna Trust» КҚ қаржыландыруымен Қызылорда қаласында үстел теннисі орталығы ашылды. Сонымен қатар, Қордың демеушілігімен 900 орындық «Жайлы мектеп» пен Оқушылар сарайының тұсауы кесілді.


ЖАҢА ЗАМАНАУИ ҮСТЕЛ ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ:

  • Сырдария өзенінің сол жағалауында орналысқан,
  • аумағы 3652 шаршы метр, 2 қабаттан тұрады,
  • 16 үстел теннисі болады және күніне 150 жергілікті тұрғын мен спортшыны қабылдай алады. Бұған дейін, аймақта ашық аспан астында үстел теннисімен кәсіби айналысу қолайсыздық тудырған.
    Атап өтсек, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Samruk-Kazyna Trust» КҚ арқылы жүзеге асып жатқан қайырымдылық қызметінде соңғы 5 жылда Қызылорда облысында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және бұқаралық спорт бағыттарында 11 жоба іске қосылды. Мәселен, Қор қолдауының нәтижесінде, қазіргі кезде өңірде оңалту орталығы, көпсалалы спорт кешені және бейімделген спорт топтары жұмыс істеп тұр.

Добавить комментарий