«Самұрық-Қазына» су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 400 балаға жазғы саяхатқа жолдама береді

30/04/2024

Бірнеше жылдан бері «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдап келе жатқан, балалардың көптен күтетін сүйікті жобасына айналған «Туған елге саяхат» туристік пойызымен биыл  400 бала қамтылатын болды. Олар мәдени-танымдық жоба екі кезеңде өтіп, балалар 12  күн ішінде Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан, Байқоңыр сынды қалалардың мәдениетімен, тарихымен танысып, өңірдің танымал орындарына барады.

««Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің шешімімен  бұл жолы  жобаға су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі әлеуметтік осал топтарынындағы отбасылардың және Қорымыздың еншілес кәсіпорын қызметкерлерінің балалары қатыстырылады деп жоспарланып отыр.  Жалпы «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының атынан табиғи апат салдарымен күреске 15 млрд теңге бағытталады. Мұнымен қоса, Қордың кәсіпорындары тарапынан зардап шеккен өңірлерді қолдауға қосымша шараларды қолға алып жатыр», – деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында.

Comments are closed.