ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» Республика күні қарсаңында жаңа креативті хабты тарту етті

23/10/2024

Республика күні қарсаңында Петропавл қаласында Qyzyljar Creative Center ашылды. Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында заманауи қазақ өнерін дамытуды мақсат еткен шығармашылық кеңістікті «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бірлесе дүниеге әкелді.

«Креативті индустрия Қордың әлеуметтік саладағы басым бағыттарының бірі. Өйткені өнерлі жастарды IT мен қазіргі заманғы дизайн сияқты өзекті мәселелерде демеп жіберу маңызды екенін түсінеміз. Бұл бағытта  Қор тарапынан ауқымды шаралар атқарылуда.  Қысқа уақыт аралығында міне осымен екінші креативті хабты ашып отырмыз. Қызылжар креативті хабы да қоғамның мәдени санасын жаңғыртып, жергілікті таланттарды қолдауда таптырмас алаңға айналады деп сенемін. Осыған дейінгі Қазақ театрының ғимараты алдағы уақытта да қайнаған шығармашылық ордасы бола беруіне тілектеспін», - деді өз сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева.

Солтүстікқазақстандық 2 шаршы метр аумақтағы жаңа креативті хабтағы 9 аймақтың әрқайсының атауы мен белгіленген межесі бар: Oyu lab (дизайн, 3Д-модельдеу), Santaram (графика дизайны), Sandyq (киім дизайны), Digital nomads (СММ, маркетинг), Art galam (көрмелер аумағы), Qazyna (кітапхана), Orta (коворкинг), Qainar (хореография), Koncerttik zal (шаралар). Тиісті аймақтар 35 жасқа дейінгі ізденімпаз әрі арманшыл жас буынның уақытын бос өткізбей, білімін байытып, дағдыларын жетілдіруге, өз идеяларын іске асыруларына жол ашпақ. Осылайша «Samruk-Kazyna Trust» соңғы 5 жылда Солтүстік Қазақстан облысында 600 млн теңгеге 5 ірі әлеуметтік жобаны жүзеге асырып отыр. Алғаш рет Қор демеушілігімен Ақтөбе облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасында барлық жастағы азаматтарға арналған бірінші заманауи кеңістік құрылса, тағы бір креативті индустрия нысаны Қор қолдауымен келесі жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында қолданысқа беріледі.

Добавить комментарий