ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» қоры қолдауымен түркістандық ерекше балалар алғаш рет спортпен айналысуға мүмкіндік алды

16/10/2023

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан бірыңғай қайырымдылықтың операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен  «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ және «Эко Атамекен» ҚБ бірлесіп Түркістан облысы Кентау қаласында алғаш рет бейімделген спорт бойынша бочча секциясын ашты. Бочча бұл  - ерік пен жігердің ойыны. Жас жеткіншектердің  бойындағы түрлі қабілетін арттырып, өмірге деген құлшынысын оятады.

Бір қуантарлығы енді  еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледждегі тірек-қимыл жүйесі бұзылған I, II және III топтағы ерекше балалар өздеріне ыңғайлы параолимпиадалық спорт түрімен айналыса алатын болды.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы облыстардағы ерекше балаларға арналған бочча және басқа да бейімделген спорт түрлерінің секцияларын екі жылдан бері үзбей қаржыландырып келеді. Күні кеше  Түркістан облысында ашылған бочча секциясының да тірек-қимыл аппаратында қиындықтары бар  жасөспірімдердің  физикалық қабілеттерін арттыруға көмегі зор болмақ.   Жалпы инклюзивті спорт түрлері ерекше балалар үшін дене шынықтыруға, ортаға бейімделуге үлкен мүмкіндік береді – деді  «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Бүгінде еліміздің 21 қаласы мен елдімекенінде тегін инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі құрылып, мыңнана аса ерекше бала спорттың 12 түрінен жаттығуларға қатысып жүр. Алдағы уақытта бұл жұмыс өз жалғасын таба бермек.

Жалпы, «Саламатты болашақ» жобасының мақсаты ерекше балалардың ата-аналарының арманын орындау. Мұнда бочча, голбол, адаптивті жүзу, каратэ, таэквондо, дзюдо, пионербол, футбол, бейімделетін жеңіл атлетика, инклюзивті хореография секілді спорт түрлері бар.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен Түркістан өңірінде соңғы 5 жылда 1,8 млрд теңгеге 23 жоба жүзеге асты. Оның ішінде «Қамқорлық» оңалту орталықтары, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 6 мыңнан астам оқушыға мектеп құралдарын алып беру, мектепішілік санитарлық тораптар орнату және ауылдық медицина нысандарына жаңа жедел жәрдем көліктерін табыстау сияқты қадамдар бар.

Добавить комментарий