«Самұрық-Қазына» қоры қолдаған маңғыстаулық 227 бала еліміздің үздік оқу орындарында тегін білім алуда

14/11/2023

«Samruk-Kazyna Trust» қоры екі жылдан бері жаңаөзендік оқушылардың жоғарғы оқу орындарына түсуіне тікелей қолдау көрсетіп келеді.

Бүгінде еліміздің 50-ге жуық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен мектеп-интернаттарында 177 бала және 50 оқушы «IQanat High School of Burabay» мектеп-пансионатында тегін білім алуда.

Жобаның алғашқы түлектері оқуда көрсеткен үздік көрсеткіші үшін Қарағанды локомотив жөндеу депосына қызметке қабылданды.

Айта кетейік, IQanat жобасы аясында жаңаөзендік оқушыларға тағайындалған гранттар оқуға, жол жүруге, тамақтануға және қажетті мектеп киімін алуға байланысты шығындарды жабады.

Comments are closed.