ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Самұрық-Қазына» қоры Қазақстан тарихындағы ең ірі балалар хоккей турнирін ұйымдастырды

11/12/2023

Бүгін Астанада «SAMRUK BALA CUP 2023» балалар хоккей турнирі басталды. Турнирге Қазақстанның 8 өңірінен және Өзбекстан пен Қырғызстан республикасынан барлығы 300 бала қатысуда.

Турнирге Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан облыс орталықтары мен шағын қалаларынан құралған 24 команда, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген балалар командасы өнер көрсетеді. Турнирдің негізгі мақсаты – ҚР өңірлерінде хоккейді насихаттау және дамыту. Турнир «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk- Kazyna-Trust» қорының қаржылай қолдауымен «Altyn shaibaly» жобасы аясында жоспарланған алғашқы хоккей жарысы.

Ойындар 11-14 желтоқсан аралығында «Барыс» спорт кешенінде өтеді.

«Altyn shaibaly» жобасы аясында 2024 жылы ауылдық жерлердегі балаларға арналған тағы екі ауқымды балалар хоккей жарысы ұйымдастырылады. Қазірдің өзінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам ауыл баласынан қатысуға өтінімдер келіп түсті.

Добавить комментарий