«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ БЕРГЕН ГИПОТЕРМИЯ АППАРАТТАРЫ 40 НӘРЕСТЕНІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ
24/04/2023
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан бірыңғай қайырымдылықтың операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен жүзеге асқан «Басқарылатын гипотермия» жобасының соңғы нәтижелерімен бөліссек. 2021 жылдың мамыр айынан 2023 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта автоматты гипотермия жабдықтарының алты аппараты арқылы 40 жаңа туған нәресте құтқарылып отыр.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қазіргі заманғы гипотермия аппараттары мен энцефалография мониторларын өткен жылдары Қарағанды, Талдықорған, Ақтау, Өскемен, Орал қалаларындағы бес облыстық перинаталдық орталық және Шымкент қаласының қалалық перинаталдық орталығы алған. Жабдықтардың жалпы құны 132 миллион теңгені құрайды.
Мысалы: Қарағанды облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында автоматты гипотермия аппаратында ауыр және орташа ауыр асфиксиямен туған 23 бала аман қалды. Гипотермия аппараттары орнатылғаннан кейін Ақтау да – 8, Шымкентте – 7, Талдықорған да – 2 сәбиге күтім жасауға пайдаланылды.
Гуляра Қылышжанова қызының туған кездегі барлық күйзелістерін әлі күнге дейін ұмытпағанын айтып, ойымен бөлісті:
- Маған баламның туған сәтінде оның тұншығып қана қоймай, ұрық маңындағы суды да жұтқаны туралы айтылды. Қызым соншалықты кішкентай әрі дәрменсіз болған, бұл менің алғашқы босануым еді, не істеу керектігі туралы ештеңе білмедім. Дәрігерлер менің қызымды гипотермия аппаратына бірден қосып қойды. Олар бұл заманауи аппарат екенін және ол менің қызымның өмірін сақтап қала алатынын айтты. Бұл аппаратсыз не болатынын елестетудің өзі қорқынышты. Қазір қызым сегіз айдан асты, бәрі жақсы: ол тамақ ішеді, ұйықтайды, күледі.
Жазира Қылышаева, егіз балаларды дүниеге әкелген. Осы аппараттың арқасында кішкентайың қалай аман алып қалғанын айтып берді:
- Менің қыздарымның біріне жаңа туған нәрестенің церебралды депрессиясы деген диагнозы қойылды. Босанғаннан кейін дәрігерлер балаға көмектесуге болатынын хабарлаған кезде мен әлі есімді жимаған едім. Осы тұста, дәрігерлермен, «Samruk-Kazyna Trust» қорына өз алғысымды жеткізгім келеді. Осы аппараттың арқасында менің кішкентай балам аман қалды, бүгінде ол күш жинап келеді. Оның жағдайы қазір жақсы!
Айзада Қайырбаева, көпбалалы ана. Соңғы жүктілігінің ауыр болғанын айтып, алғысын жеткізді:
-Бұл менің төртінші жүктілігім. Бұл жолы бәрі жоспарымдағыдай болмады. Мені жаңа туған ұлыммен бірге аудандық перзентханадан Облыстық перинаталдық орталығына ауыр асфиксия диагнозымен алып келді. Орталыққа түскен сәтте баламды бірден гипотермия аппаратына қосты. Аппарат ұлымды құтқаруға көмектесті! Мен осындай қажетті аппаратты сатып алуға көмектескен мейірімді жандардың арқасында ұлымды құшақтап, сүйіп жүрмін. Ол бізге өте жақсы көмектесті.
Мамандандырылған жабдық пайда болғанға дейін реанимацияда қолда бар құралдармен механикалық гипотермия қолданылып, бұл әрқашан қанағаттанарлық нәтиже бермеді. Қажетті температураны 72 сағат бойы тура 34 градус ұстап тұру, ал содан кейін баланы біртіндеп жылыту өте қиынға соқты. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «AYALA» қайырымдылық қорымен серіктестікте көрсеткен көмегінің арқасында перинаталдық орталықтардың реанимацияларында бұл еңбекті көп қажет ететін үдеріс енді толық автоматтандырылған. Нәтижесі - онда құтқарылған балалардың өмірі мен функционалдық денсаулығы.
«Соңғы айтылған сандарға қарайтын болсақ, «Басқарылатын гипотермия» жобасының жемісі әсерлі болып отыр. 2021-2022 жылдары біз нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі мен балалар реанимациясын алдыңғы қатарлы медициналық техникамен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұрған 6 өңірге арналған жабдықты сатып алуға 132 млн. теңге сомасында қаржылай қолдау көрсеттік. Денсаулық сақтау саласындағы өңірлік жобаларды қолдау - «Самұрық-Қазына» АҚ үшін маңызды басымдықтардың бірі. Бұл еліміздегі балалар өлімін қысқарту сынды өткір әлеуметтік мәселелені шешуге компаниялар тобымыздың қосқан үлесі», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.
Терапиялық гипотермияны жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы сағаттарында қолдану қажет. Аппарат жаңа туған нәрестенің дене температурасын автоматты түрде біртіндеп төмендетеді және ондаған сағат бойы оны қажетті деңгейде ұстайды. Тек бұл бала ағзасындағы метаболизмді өзгертуге, оның бас миын глюкозамен қамтамасыз етуге және сол арқылы орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Гипотермия аппаратына жиынтықта жүретін амплитудалық электрэнцефалография мониторы дәрігерлерге қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді түзетуге көмектеседі.
Добавить комментарий