ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» қолдауымен Абай облысында жаңа спорт кешені қолданысқа берілді

29/08/2024

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде ауа-тірек құрылымындағы спорт кешенін іске қосты. Жоба Қордың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорымен жүзеге асырылды.

1,6 мың ш.м. кешенде шағын футбол алаңы, көрермендер трибунасы, волейбол және баскетбол алаңдары, теннис корты, екі жолақты жүгіру жолы және бокс рингі бар. Сонымен қатар, нысан барлық қажетті спорттық құралдармен қамтамасыз етілген.

«Самұрық-Қазына» қоры көпшілік арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортмен айналысуға шақырады. Мен өзім де спортмен айналасқанды ұнатамын және түрлі марафондарға белсенді қатысамын. Мәселен, биыл маусымда Қор қайырымдылық марафонын ұйымдастырды. Жиналған қаражатқа келесі аптада Білім күніне орай Астанада инклюзия сыныптарын ашамыз. Спорт нысаны салынған Шүлбі ауылынан болашақ олимпиада чемпиондары шығуы мүмкін. Бұл спорт кешені жастардың талантын ашып, биіктерден көрінуге мүмкіндік береді деп сенемін», – деді «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев өңірдің спорт инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі үшін «Самұрық-Қазына» қорына алғысын білдірді.

Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» арқылы өңірлерде спорт инфрақұрылымын дамыту аясында 11 ірі спорт кешені іске қосылып, 28 әмбебап спорт алаңы салынды.

Добавить комментарий