ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» қолдауымен 16 өңірдің балалары саяхатқа аттанды

24/07/2024

24 шілде 2-кезеңі іске қосылған «Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызында ағымдағы жылы су тасқыны болған өңірлерге басымдық беріліп, көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасылардағы балаларға айрықша көңіл бөлінуде.
Сондай-ақ, Қордың шалғай аудандардағы өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің балалары да ескеріледі. Тізімдерді портфельдік компаниялар мен тасқын судан зардап шеккен өңірлердегі әкімдіктер ұсынды.
Нәтижесінде, екінші кезеңде, ең көбі Атырау облысынан 44 және СҚО 16, БҚО 21, Ақтөбе облысынан 21, Қостанай облысынан 15, Ақмола облысынан 12, Қарағанды облысынан 8, Ұлытау облысынан 1, Маңғыстау облысынан 11, Қызылорда облысынан 8, ШҚО мен Абай облысынан 13, Алматы облысынан 6, Түркістан облысынан 6, Павлодар облысынан 11, Жамбыл облысынан 7 бала «Туған елге саяхат» пойызының бақытты жолаушысы атануда. Екі маусымда барлығы 10-15 жас аралығындағы 400 бала қамтылуда.
Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңыр аймақтарындағы танымал мәдени-тарихи орындарға саяхаттағы демалыстан басқа, пойызда мектеп оқушыларымен тәлімгерлер мен педагогтар жұмыс істеп, қызығушылықтары бойынша үйірмелер, зияткерлік және спорттық ойындар ұйымдастырылады. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау аясында балаларға экология тақырыбында шеберлік шарасы өткізіліп, жас саяхатшылар қоқысты дұрыс сұрыптауды, әрі қарай қалай кәдеге жарату керектігін үйренеді.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта іске асырылуда.

Добавить комментарий