«Самұрық-Қазына» өкілдері ардагерлердің батасын алып қайтты
17/04/2023
Қасиетті Рамазан күндерінде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының басшылары «Жеңіс» жобасын аясында ҰОС ардагерлеріне барып, қал-жағдайларын білді.
«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2016 жылдан бері ардагерлерге қолдау көрсетіп келеді. Бөлінген қаражатқа Қазақстан бойынша қарияларға еріктілер көмегімен азық түлік, медициналық дәрілер, үйге қажетті шағын жиһаз жеткізіліп тұрады. Сонымен қатар жоба аясында қарттарымызға Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері бойынша теміржол көлігімен тегін жол жүру мүмкіндігі бар», - деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.
Жоба аясында 35 елді-мекенде тұратын Ұлы Отан соғыс қатысушылары мен тыл еңбеккерлері қатарында болған 1400 қарияға тұрақты түрде барып отыру, үйлері мен аулаларын жинауға көмек, жөндеу жұмыстарына қолғабыс жасау, азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар сатып алу қарастырылған. Ерекше қажеттіліктері бар ардагерлерге өз алдына айрықша назар аударылып, қамкөңіл қарттар қажетті тұрмыстық техникамен, мүгедектік арбаларымен және есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі.
«Өмірде жақсылық пен жамандық қатар жүреді, бірақ сіз оған оң көзқараспен қарасаңыз, өзіңізге жақсылық тартып тұрасыз. Қазіргі жас буынның осындай құлшынысы зор, игілікті істерге жаны құштарлығы қуантады. Бізге қамқорлық танытып, жағдайымызға алаңдап жатады. Өмірімізді жақсартып, қарайласуға тырысқан ұйымдастырушылар мен еріктілерге алғыс айтамын, бұл үлкен қадам!», - деп бөлісті тыл еңбеккері Мария Карпенко.
Жоба 2016 жылдан бері «Самұрық қазына Траст» қорымен қаржыландырып келеді. 2022-2023 жылғы «Жеңіс» жобасының бюджеті 115 миллион теңгеден астам соманы құрайды.
Бұл жобаның ең құнды тұсы сол, жастар соғыстың сұрапыл жылдарынан өткен және Ұлы Жеңістен кейін елді қалпына келтіруге бар күшін салған аға буынмен жақын араласып, қазыналы әңгімелерін тыңдай алады. Олар ерлік пен отансүйгіштіктің, өмірге деген зор құлшыныс пен ерік-жігердің биік өнегесін көрсетіп отыр.
Добавить комментарий