ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобында «Мектепке жол» акциясының алдын ала қорытындысы шығарылды

17/08/2023

2023 жылдың 17 тамыз күні Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың Қор ұжымымен кездесуі барысында «Мектепке жол» қайырымдылық жобасының жүзеге асу барысы тыңдалды. Маңызды бастама Қордың 15 жылдығына орай қолға алынды.

Атаулы көмек «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес, Маңғыстау (1764), Ақмола (1376), Ақтөбе (984), Атырау (922), Шығыс Қазақстан (1075), Батыс Қазақстан (917), Қызылорда (1830), Түркістан (3650), Павлодар (873) және Абай (1609) облыстарындағы 15 мың бірінші сынып оқушысын қамтып отыр. Бұл тұста ауылдық жерлердегі мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсетуге басымдық берілді. Жоба биыл 20 тамыз Ақмола облысында, елордаға жақын Қосшы кентінде Қор қызметкерлерінің белсенді атсалысуымен өз мәресіне жетпек.

«Біздің басты мақсат еліміздің ұлттық дәулетін арттырып, болашақ ұрпақ үшін, оның ішінде әлеуметтік және қайырымдылық жобалары арқылы ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету екенін  білесіздер. Осы орайда Қор тобының өндірістік компаниялары орналасқан өңірлерде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы іске асырылуда. Мұндай игі істен Қордың корпоративтік орталығы да шетте қалмауға тиіс», - деп атап өткен Нұрлан Жақыпов кейбір акцияға қатысушы балаларға мектеп керек-жарақтарының жиынтығын жеткізу үшін басқарушы директорларға олардың мекен-жайы жазылған конверттерді табыстады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов сыйлықтарды жеткізу және тапсыру еріктілер мен Қор тобының қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылуда екенін айтты. 1 қыркүйекке дейін жоғарыда келтірілген, Қордың өндірістік кәсіпорындары орналасқан 10 өңірдегі 1-сынып оқушылары оқу орны табалдырығын Қор атынан берілген,  қажетті кеңсе заттары бар алғашқы мектеп қоржындарымен баруға дайын болады.

 Акция «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылықтың бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржыландыруымен және «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация» мекемесінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Жобаның бюджеті 232,7 млн теңгені құрайды.  

Еске сала кетсек, алғаш рет Қор бойынша бастау алған 2019 жылы «Мектепке жол» акциясы 3 мың баланы қамтыса, пандемиядағы үзілістен соң өткен 2022 жылы  12 000 бірінші сынып оқушысы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қажетті кеңсе заттары бар мектеп жиынтықтарын алды.

Добавить комментарий