ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» бизнес өкілдерін серіктестікке шақырады

30/04/2024

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы 2024 жылы жұмысын жаңа қарқынмен бастады. Осыған дейін жобалар тек үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізілсе, енді «Samruk-Kazyna Trust» қоры бизнес өкілдерімен  жаңа серіктестік байланыс орнатуға кірісті. Бұл еліміздің әлеуметтік саласын одан әрі дамыту мен мұқтаж тараптарға көмек ауқымын арттыруға ықпал етпек.

Қайырымдылық қызмет қорытындысы жасалып, алдағы уақытқа жоспарлар талқыланған «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында басқарушы директор Ғибрат Ауғанов «Шелл Қазақстан», «Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы» БК» ЖШС  мекемелерімен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, алдағы уақытта «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесе 180 мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік осал топтағы жастарды цифрлық кәсіптерге оқытуға арналған «Orle TEACH 3.0.» жобасы жұмысын бастайды. «Оңтүстік тау-кен-химия компаниясымен» инклюзия бағытында жобалар, ал «Қазақмыс» кәсіпорнымен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін ашу бойынша қадамдар қарастырылуда. Сондай-ақ, өңірлерде, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесе оңалту орталықтары ашылуда.

Сондай-ақ Ғибрат Ауғанов «Самұрық-Қазына» Қоры елдегі болып жатқан төтенше жағдайларды да назардан тыс қалдырмай, қолдау көрсетіп жатқанын айтты.

«Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың тапсырмасымен жуырда ғана су басқан өңірлерге қолдау ретінде 15 млрд теңге бөлінді. Жыл сайын Қор жалпы табысының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына қолдау» қорына бөліп отырады. Биылға ол ақшаның көлемі 67 млрд теңгені құрады», - деді басқарушы директор Ғибрат Ауғанов.

Добавить комментарий