«Самұрық-Қазына» басшысы Н.Жақыпов онкологиялық оңалту орталығының жұмысына бастау берді
26/01/2024

Орталық ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, емдеудің нәтижесінде пайда болған өмірдің жаңа жағдайларына бейімдеуге және әлеуметтік шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған. Болашақта бұл орталық арқылы онкологиялық сырқаты бар 3000-ға жуық қазақстандыққа көмек көрсетілетін болады. Аталмыш оңалту бөлімшесі Батыс Қазақстан медициналық университетінің жанынан ашылды.
«Samruk-Kazyna Trust» қорының 2023 жылы атқарған жұмысына есеп беру шарасында сөз алған басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов аталмыш оңалту орталығына бастау беріп, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, шара барысында 5 жедел жәрдем көлігі мен реанимобильдің кілті Ақмола және Түркістан облыстарына табысталды. Енді шалғайда орналасқан ағайын қолжетімді уақытылы медициналық көмек алатын болады.
Дәл осындай көліктер өткен жылы 5 өңірге тарту етілген еді. 2023 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры 7,2 млрд теңге болатын 46 әлеуметтік жобаны қаржыландырды.
Добавить комментарий