«Самұрық-Қазына» АҚ қаржыландыратын «Жетімсіз Қазақстан» – отбасы институтын нығайтатын жоба

08/11/2023

«Жетімсіз Қазақстан» – бұл «Samruk-Kazyna Trust» пен «Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық  қорлары арасында жүзеге асқан әлеуметтік жобалардың бірегейі. Жобаны қолдаудағы басты мақсат – еліміздегі жетім балаларды асырап алғысы келетін немесе қамқорлыққа,  патронаттыққа алғысы келетін жанұяларға жан-жақты көмек көрсету, отбасы институтын нығайту мен дамытуға зор үлес қосу. 

Бала асырап алғысы келетін азаматтармен байланыс жүргізетін мамандардың бірі – Мұрат Қабылбаев. Ол тек кеңес беріп қана қоймай, жеке тәжірибесімен бөлісе отырып, қолдау көрсетеді. Мұрат – 13 баланың әкесі, оның 12-сін асырап алған. Жетім балаларға көмек көрсеткені үшін «Алтын жүрек» қайырымдылық сыйлығымен марапатталған, сондай-ақ балалар мен ата-аналардың қарым-қатынас туралы «Покажи мне небо» кітабының авторы.

«Зор тәжірибем үміткерлерге сапалы көмек пен қолдау көрсетудің кепілі. Себебі, ата-аналар маманға немесе психологқа қарағанда, тәжірибесі бар адамға көбірек сенеді, әрі кәсіби түрде кеңес алатынын біледі. Патронаттық ата-аналар балаларды тәрбиелеуде қиындықтарға тап болып, психологтар мен психиатрларға жүгінген жағдайлары көп болды. Бізге келгенде, оларға кезең-кезеңімен тиісті қолдау беріп, жағдайды түзеуге бар күшімізді саламыз. Алайда балаларды қайтару жағдайлары да кездеседі», – дейді Мұрат Қабылбаев.

 «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын «Жетімсіз Қазақстан» жобасы аясында  соңғы бір жылдың ішінде бала асырап алғысы келген 388 отбасыға кеңес ұсыныс, тағы 210 отбасыға проблемалық мәселелер бойынша құқықтық сипаттағы кеңестер берілді. Жетім қалған 16 баланы қамқоршылар бауырына басса, 2 бала патронат отбасына берілді. 

«Бала асырап алу, қамқоршылыққа немесе патронат отбасыға алу мәселесі көп уақытты, жіті бақылауды қажет еді. Сондықтан бұл іс бірнеше айларға жалғасуы мүмкін. Осы уақыт ішінде жан-жақты құқықтық, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіліп, асырап алушы жандарға қолдау білдіру керек. Себебі, қоғамда бала асырап алу түйіткілді мәселеге айналмауы тиіс, әрбір баланың жанұяда тәрбиелену құқығын қорғауымыз тиіс. Осы бағыттағы «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын жобамыз балалар мен ата-аналарға үміт сыйлап келеді», – дейді «Милосердие» ерікті қоғамы» қорының атқарушы директоры Татьяна Семенова.

Сонымен жоба аясында қазір Қазақстанда балаларды асырап алатын кәсіби отбасы институтын енгізу үшін жұмыстар жүргізілуде. Оған қоса бала асырап алғысы келетіндерге арнайы әзірленген usynovite.kz ақпараттық порталы жұмыс істейді. Қайырымдылық жобаның жалпы құны 10,2 млн теңге.

Comments are closed.