«Самұрық-Қазына» АҚ су тасқынынан зардап шеккен әр өңірге көмек көрсетеді.

03/04/2024

Көктемгі су тасқыны салдарынан бірқатар облыстарда орын алған төтенше жағдайға байланысты «Самұрық-Қазына» АҚ зардап шеккен әр өңірге қаржылық қолдау көрсетеді. Қаражат гуманитарлық көмек көрсету мақсатында бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы бағытталады

Қор бұл бастама Үкімет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шараларымен, бизнес өкілдері және белсенді азаматтардың көмегімен бірлесе табиғи апаттың салдарын тезірек қалпына келтіруге ықпал ететінін атап өтті.

Comments are closed.