ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері арасында «Таланттар байқауы» басталды

23/10/2023

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері арасында «Таланттар байқауының» ақтық кезеңі өтіп жатыр.

Бүгін үлкен театр сахнасында 38 қатысушы «Вокал», «Айтыс» және «Бейнелеу өнері» номинациялары бойынша өнер көрсетеді.

Ашылу салтанатында «Samruk-Kazyna Trust» қорының Бас директоры Альфия Адиева байқау алғаш рет ұйымдастырылғанын және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына орай өтіп отырғанын атап өтті.

«1 тамыздан 22 қыркүйек аралығында Қордың әрбір портфельдік компанияларының ішінде байқаудың іріктеу кезеңі өткізілді. Оның нәтижесі бойынша «Таланттар байқауының» финалына 38 маман жолдама алды. Бүгінгі конкурс «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында нағыз кәсіпқой, өз ісіне адал, әрі өнерлі, сегіз қырлы бір сырлы мамандар қызмет етіп жатқанының тағы бір дәлелі. Әріптестеріміз ұлттық нақыш пен заманауи стильді біріктіріп, өнерлерін ортада паш етпек. «Таланттар байқауы» жаңа дарын иелерінің жұлдызын жағып, жаңа есімдерді танытатынына сенімдімін», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» басшысы Альфия Адиева.

Байқауда «Вокал» номинациясында 16 қатысушы, «Айтыс» өнерінде 8 қатысушы бақ сынайды. Ал  «Бейнелеу өнері» бағытында 14 қатысушы нақты уақыт режимінде сурет сала бастады. Туындыны салу жұмысы тікелей сахнаға көрсетіліп отырады.

Финалға дейін әр қатысушымен тәлімгер жеке жұмыс істеп, конкурсқа сапалы дайындалуға бағыт беріп, ынталандырып отырды. Ал сайыскерлердің өнерін Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлернен құралған әділ қазылар алқасы бағалайды.

Байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 24 қазанда өтеді.

Добавить комментарий