«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен 112 бала халықаралық алаңда Қазақстанның намысын қорғады

10/10/2023

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының біріңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қазақстандық жас дарындыларды белсенді қолдап келеді.

Бүгінгі таңда «Жас таланттар» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінен 112 бала шетелдік сайыстарға барып, жүлделі орындарға ие болды.

 «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын «Жас таланттар» қайырымдылық жобасына еліміздің барлық өңірінен білімді, өнерлі жеткіншектер қатыса алады. Олар жобаға өтінімді жылдың кез-келген уақытында жолдай алады. Қорға келген өтінім аясында еліміздің барлық облыс, ауыл, аудандарында тұратын талантты балаларға халықаралық фестивальдарға, байқауларға және спорттық сайыстарға қатысу үшін жол жүру гранттары беріледі.

Айта кетерлік жәйт, жол шығындары 16 жасқа дейінгі әлеуметтік осал санаттағы балалар мен жасөспірімдерге халықаралық спорт жарыстарына, шығармашылық және ғылыми конкурстарға қатысу үшін қарастырылады.

Маңыздысы – өтінім беруші республикалық конкурстардың, олимпиадалар мен чемпионаттардың жеңімпазы немесе жүлдегері болу қажет.

 «Samruk-Kazyna Trust» қоры балалардың түрлі бағыттағы дамуына қолдау көрсетуде және олардың халықаралық іс-шараларға қатысуына қаржылай қолдауға дайын екенін тағы да еске салады.

Жол грантын беру ережесі туралы толығырақ https://sk-trust.kz/kk/ сайтында.

Comments are closed.