ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстанда алғаш рет өткізілген үстел теннисінен әлемдік жасөспірімдер сайысын қолдады

28/07/2023

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов үстел теннисінен «WTT YOUTH CONTENDER ALMATY» халықаралық жасөспірімдер сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

«Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған осы халықаралық сайысқа куә болып отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл Қазақстанда жасөспірімдер мен жастар спортын дамытуға бағытталған тамаша қадам. Жас спортшылардың әлеуеті мен олардың жеңіске деген құлшынысы бізде чемпиондардың керемет буыны өсіп келе жатқанын көрсетеді», - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.

Бес жас санатындағы аламан төрт күнге созылды. Медальдарға әлемнің 13 елінен 159 спортшы таласты.

Қазақстандық спортшылар 2 күміс және 7 қола медаль иегері атанды. Тұғырдың екінші сатысына 11 жасқа дейінгі санатта Арайлым Қапасбек пен Дулат Ералхан көтерілді. Алан Құрманғалиев (U19), Айназ Әділгереева (U13), Орынбасар Есмахан (U13), Жәния Бекмұхаметова (U11), Әкежан Ерланұлы (U11), Каролина Бондарь (U11), сондай-ақ 19 жасқа дейінгі санатта аралас жұп Алан Құрманғалиев/ Сарвиноз Миркадирова қола медальдармен марапатталды.

Бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы ауқымды додаға жауапты Қазақстанның Үстел теннисі федерациясы қолдау тапты.

Мақсат – қайырымдылық жобасы аясында үстел теннисімен айналысушылар санын өсіріп, балалар-жасөспірімдер спортын дамыту. Сонымен қатар, Қор демеушілігімен, 2023 жылдың аяғына дейін Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында әлеуметтік осал топтағы балалар үшін үстел теннисінен шеберлік шаралары қолға алынады.

Жеңімпаздардың толық тізімі  WTT сайтында орналастырылған.

Добавить комментарий