ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық Қазына» АҚ оқытқан жаңаөзендік екі түлек жұмысқа орналасты

05/10/2023

«Жарқын болашақ» жобасының 2023 жылдағы алғашқы түлектері еңбекпен қамтылып жатыр. «Самұрық Қазына» АҚ қорықолдауымен іске асқан «Жарқын болашақ» әлеуметтік жобасының тарихында алтын әріптермен жазылмақ! Оның себебі жобамыздың алғашқы түлектері өз оқу орнын аяқтап, дипломын алып,  жұмысқа орналасты.

Олар Қарағанды Теміржол Колледжінің студенттері -  Нұрлан Қалыбаев пен Сақтар Беріков.

Бала кезінен бірге өскен жаңаөзендік достар Нұрлан мен Сақтар теміржол саласында қызмет етуді арман еткен. Бүгінде олар «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығын үздік тәмамдады.

Колледж дипломын қолына алмай тұрып, оқуда көрсеткен үздік көрсеткіші үшін олар Қарағанды локомотив жөндеу депосына жұмысқа қабылданды.

Алғашқы түлектеріміздің болашағы жарқын болсын деп тілейміз!

«Жарқын болашақ» әлеуметтік жобасы биыл екінші мәрте  Қордың қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы  -  «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры арқылы  қаржыландырылуда.    Жоба аясында жаңаөзендік 177 оқушы  Қазақстанның түрлі қалалары мен аймақтарындағы 49 мектеп-интернаттар мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін (колледждер) таңдап, тегін оқумен қамтылған болатын.

Добавить комментарий