«Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындарының жастары Қор қолдауымен ашылған замануи кітапхана кеңістігінде болды
03/08/2023
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жас мамандары «Ынтымақ» жобасы аясында С. Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жастар кітапханасы аумағындағы шығармашылық орталықта болды. Осылайша Қор компаниялар тобының қызметкерлері ай сайын өздері еңбек ететін өңірлердегі «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры арқылы қаржыландырылған әлеуметтік нысандармен танысуда.
Жаңа шығармашылық кеңістік облыстың балалары мен жастарына білім беру және ойын-сауық қызметтерін тегін ұсынуға арналған. Ағымдағы жылдың 30 мамырында ашылған сәтінен бастап мұнда шығармашыл жастар мен оқушылар жиналып, уақыттарын тиімді өткізуде. Мәселен бүгінгі таңға дейін ерекше кеңістікке 20 мыңнан астам адам келіп үлгерген.
Кітапханада іс-шаралар өткізуге арналған аймақ, жұмыс кездесулері мен мәжілістерге арналған коворкинг, тақырыптық кітап залдары, TIKTOK-аймақтар, сондай-ақ суретшілерге, аниматорларға, дизайнерлер мен сәулетшілерге арналған шеберханалар жұмыс істейді. Іргелес аумақта кешкі көрсетілімдерге арналған кино экраны бар көше рекреациялық аймағы, сондай-ақ жазғы өнер орны бар. Қонақтар түрлі шеберлік шараларына қатысып, фото және бейне контент жасауда, сурет салуда, сондай-ақ зияткерлік ойындарда өздерін сынап көрді.
Орталыққа «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «Oil Services company» ЖШС нженерлік-технологиялық мамандықтарының қызметкерлері және облыстағы портфельдік компаниялардың белсенді жастары барды.
Қайырымдылық қызметі шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Ақтөбе облысында 2016-2022 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 23 жоба іске асырылып, жалғасын табуда.
«Ынтымақ» жобасына да «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бастама танытты. Жыл басынан бері жоба аясында 156 жас маман Алматы, Астана қалары мен Атырау, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әлеуметтік нысандарында болды.
Добавить комментарий