«Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындарының жас мамандары Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік нысандарын аралады
15/03/2023
Ақпан айында басталған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Ынтымақ» жобасы еліміздің батысында жалғасын тапты. Жоба Қордың еңбек ұжымдарын бірыңғай оператор компаниялар тобының атынан жүзеге асыратын қайырымдылық қызметімен біртіндеп таныстыруға бағытталған.
Өткен айда энергетика кешені кәсіпорындарының жас мамандары Алматы қаласындағы балалардың аутизм орталығына барды. Осы аптада болса, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындарының жас еңбекерлері Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әлеуметтік нысандарды аралап, Жаңаөзен қаласындағы балалар спорт алаңдарының ашылуына қатысты.
«Ынтымақ» жобасы компаниялар тобының әрбір қызметкеріне ортақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке тікелей қатыстылығын сезінуге, сондай-ақ бенефициарларымызға өз демеушілерін жеке тануға мүмкіндік береді. Бұл олардың жерлестері, таныстары, тіпті көршілері болып шығып, жақын жерде тұруы ғажап емес және өз еңбектерімен аймақтық әлеуметтік нысандардың дамуына үлкен үлес қосады. Мұндай кездесулер барлық портфельдік компанияның қызметкерлері үшін әзірленген іс-шаралар жоспары шеңберінде ай сайын өткізілетін болады», - деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.
«Көрісу» дәстүрлі мерекесінің бірінші күні өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының жас мамандары Жаңаөзен қаласында 4 балалар спорт алаңының ашылу салтанатында құрметті қонақ болды. Аталған нысандар «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай Маңғыстау облысының тұрғындарына тарту етілді.
2022 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Жаңаөзен қаласы мен Жетібай ауылында футбол, баскетбол, волейбол және басқа да спорт түрлеріне арналған орындары бар, қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін 21 жаңа балалар алаңын салуды бастады. Нәтижесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 2023 жылдың 14 наурызында Жаңаөзен қаласында алғашқы нысандар пайдалануға берілді. 400-1200 шаршы метрлік ойын алаңдары барлық сапа талаптарына сай және қалалық инфрақұрылымды жақсартады.
Барлығы, наурыз айының соңына дейін, тұрғындардың қарамағына тағы он жеті спорт алаңы беріледі (барлығы 6 - Жетібай ауылында, 15 - Жаңаөзен қаласында).
Маңғыстау облысының орталығында жас мамандар делегациясы танымал паралимпиадалық спорт түрі саналатын бочча ойынымен танысты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Саламатты болашақ» бейімделген спорт секцияларында 20-дан астам ерекше бала шұғылданады. Меймандар ойын ережелерін меңгеруге тырысып, салауатты өмір салтын ұстанушы жеткіншектермен бірнеше ойын өткізді. Осы орайда айта кетер жайт, 2018 жылдан бастап Қазақстанда «Самұрық-Қазына» қорының қолдауының арқасында, ерекше білім қажеттілігі бар балаларға арналған 100-ге жуық спорт секциясы жұмыс істейді.
Атырауда Қордың портфельдік компаниялары мен өңірдің еншілес ұйымдарының жас экологтары «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығына барып, оның жұмысына қанығып қана қоймай, қызметкерлерімен әңгімелесті және жас тәрбиеленушілермен сабақтардың қалай өтіп жатқанын білді. Қордың қолдауының арқасында 2022 жылы орталыққа күрделі жөндеу жүргізіліп, оңалту жабдықтарымен және жиһазбен жабдықталды. Бұдан тыс, ерекше қажеттілігі бар 50 балаға арналған 120 тегін курс ұйымдастырылды.
2017 жылдан 2022 жылға дейін Атырау облысында жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге 21-ден астам жоба іске асырылды және олар қазіргі уақытта өз жұмысын жалғастыруда. 2022 жылы Маңғыстау облысында құны 1,8 млрд теңге болатын 8 әлеуметтік жоба іске асырылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындары орналасқан өңірлерді дамытуға ерекше назар аударып, жергілікті ҮЕҰ әлеуметтік белсенділігін, портфельдік компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарының жерлестерінің өміріне жан-жақты атсалысуын қолдайды. «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры компаниялар тобының кәсіпорындары қызметкерлерін Қордың қайырымдылық қызметімен жедел ақпараттандырып, етене таныстыру үшін «Ынтымақ» жобасына бастамашылық танытты.
Добавить комментарий