ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» АҚ еліміздегі 15 арнайы мектепке жаңа спорт жабдығын сыйлады

10/10/2023

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына орай еліміздегі 15 арнайы мектеп-интернаттар  спорт жиынтығымен толықты. Осылайша халықтың әлеуметтік осал топтарындағы ауыр сырқаттары бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың спортпен айналысуы үшін қажетті жағдайлар жасалды.

Оқушылар мен ұстаздарға тосын сый «Samruk-Kazyna Trust» қоры атынан «Бақытты балалық шақ» қайырымды істер акциясының керуені аясында тарту етілді. Бес өңірдегі арнайы мектептер жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам қаржыға баскетбол, футбол, волейболға арналған доптармен, сондай-ақ гимнастикаға арналған құралдармен, төсеніштермен, көлденең жолағы бар швед қабырғасымен, үстел теннисімен және тағы да басқа да жабдықтармен толықты.

Енді арнайы мектептердегі  ерекше білім беру қажеттіліктері бар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  сөйлеу, есту қабілеті бұзылған және психикалық дамуы тежелген, бала жасынан мүгедек атанған мектеп-интернаттардағы 2 мыңнан астам бала спорт түрлерімен толыққанды айналыса алатын болды.

 «Бақытты балалық шақ» қайырымды істер акциясы басталған бір айдың ішінде  Астана қаласындағы 2 мектеп-интернат,  Атырау облысында  2 мектеп-интернат, Ақмола мен Павлодар облыстарындағы арнайы балабақша, мектеп-интернаттарына түгелдей спорттық  құрал-жабдықтар табысталды.

Жиынтықтардың соңғы партиясы Ақтөбе облысындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына», «Яйсан арнайы білім беру ұйымына», «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы кешен «мектеп-интернат-колледжіне» жеткізілді.

Добавить комментарий