«САМҰРЫҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ҚОЛДАЙДЫ
18/04/2023
Соңғы уақытта әлем жанкүйерлерінің назары параспортшыларға ауғаны мәлім. Өйткені ерекше жандардың өмірге ғана емес, дүбірлі додаларға деген құлшынысы көптің көкейіне қосымша күш береді, жігерлендіреді.
Біздің елімізде де параспортқа ден қойған жандар қатары күн санап артып келеді. Сол себепті «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ерекше жандардың еркін жаттығуына, кедергісіз спортпен шұғылдануына жол ашты.
«Денсаулық сақтау», «білім беру», «халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау», «өңірлерді дамыту» сияқты бағыттарға баса мән беретін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мәдениет пен спорт саласына да ерекше назар аударып отыр.
2022 жылы спорт саласын дамыту бағытында жалпы сомасы 130,7 миллион теңгені құрайтын бірқатар жоба қаржыландырылды. Олардың ішінде паралимпиадалық спорт түрлері яғни парахоккей мен отыратын волейбол спорты да бар.
Мәселен: желтоқсан айында еліміздің парахоккейшілері Тайландтың Бангкок қаласында өткен әлем чемпионатына қатысты. Жерлестеріміз дүбірлі додада күміс жүлдегер атанып, Жоғары лигаға жолдама ұтып алды. Жарысқа бес елден әлемнің 100-ден аса спортшысы қатысқан еді. Олардың арасында Австрия, Таиланд, Франция, Ұлыбритания сияқты азулы командалар болды.
Парахоккейшілеріміз үшін бұл халықаралық аренадағы алғашқы жарыс болатын. Біздің спортшылар үшін бұл жарыс керемет дебютке айналды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы команданың шет елдік аренаға шығуын ұйымдастырып қана қоймай, қажетті спорттық жабдықтармен де қамтамасыз етті. Демек Астана Парахоккей Федерациясына жан-жақты қолдау көрсетті.
Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында – құрама команда мүшелері хоккейден ересектер мен ерекше балаларға арналған үш шеберлік сабағын өткізді.
Ал келесі жоба - аймақтық спорт клубтарын отыру волейболына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге арналған. 2023 жылдың жазында еліміздің бас шаһары Астанада осы спорт түрінен Азия чемпионаты өтеді. Қазір біздің спортшылар іріктеу жарыстарына қарқынды дайындалуда және бұл үшін бес өңірде барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қазақстан параволейбол федерациясының өтініші бойынша «Samruk-Kazyna Trust» қоры Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласының параволейболшыларының командасына заман талабына сай спорттық құрал-жабдықтармен тарту еткен болатын.
Кәсіби волейбол доптары мен тіректерден басқа, клубтарға ыңғайлы жағдайларды қамтамасыз ететін және спортшылар үшін ойын сапасын арттыруға мүмкіндік беретін арнайы еден жабындары берілді. Сондай-ақ, Федерацияның қажеттіліктері үшін ойыншыларға жарақат алған кезде қалпына келтіру процестерін жүргізу үшін қажет game Ready жергілікті криотерапия жүйесі сатып алынды. Жобаның бюджеті 18,4 миллион теңгені құрады.
Жас ұрпақтың спортпен шұғылдануы үшін қол жетімді спорттық инфрақұрылым мен жаттығу алаңдарын қамтамасыз ету қайырымдылық іс-шаралардың ерекше назарында екенін атап айту қажет. Спорттық балалар алаңдарын салудан, бейімделген спорт секцияларының ашылуынан басқа, «Samruk-Kazyna Trust» қоры қазақстандық спорттық ату федерациясымен бірлесіп «балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту» жобасын да іске асыруда.
Құны 75,6 миллион теңге болатын жоба аясында жас спортшылар үшін ату спортының түрлері бойынша тегін жаттығу процесі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында оқ пен стенд атудың мамандандырылған сыныптарында 90 бала жаттығады.
Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Жас таланттар» жобасы аясында 11 жас футболшы Португалиядағы жарысқа барып қайтты. Понта-Делгада қаласында өткен халықаралық доп додасында «Арландар» футбол клубында жаттығатын балалар мол тәжірибе жинап оралды.
2016 жылдан бүгінгі таңға дейін «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Жас таланттар» жобасы аясында спорт, ғылым, мәдениет салалары бойынша 127 баланың әлемдік жарыстарға қатысуына қаржылық қолдау көрсеткенін де ерекше атауға болады.
Мысалы: 2022 жылы осы жобаның арқасында 20-дан астам бала шахмат, муайтай, аэробты гимнастика және спорттық-бал билері сияқты спорт түрлерінде халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды .
Бұқаралық спортты қолдау және дамыту, азаматтардың әртүрлі санаттарын спортпен шұғылдануға баулу, қолжетімді жағдай жасау «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылығының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Добавить комментарий