ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk Umiti» жобасының қатысушылары атақты Үлбі металлургиялық зауытына барды

12/05/2025

«Samruk Umiti» жобасының қатысушылары Өскемен қаласындағы еліміздегі атом энергетикасы мен металлургия саласындағы жетекші кәсіпорын – атақты Үлбі металлургиялық зауытына барды.

Бүгінде зауытта және оның еншілес кәсіпорындарында 4000-нан астам өндіріс маманы еңбек етеді: энергетиктер, инженерлер, металлургтер, аппаратшылар, механизаторлар және басқа да мамандар.

Жобаға қатысушылар сұранысқа ие мамандықтар, мансаптық мүмкіндіктер және қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет туралы мағлұмат алды. Көптеген жасөспірімдер үшін бұл мамандық таңдауға және болашаққа алғашқы қадам жасауға үлкен мүмкіндік.

Айта кетейік, «Samruk Umiti» жобасы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып жатыр және 100 жасөспірімді қамтиды. Жоба аясында балаларға жұмысшы мамандықтары бойынша колледжге түсуге көмек көрсетіледі. Кейінірек оларды «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобына жұмысқа орналастыруға қолдау жасалады.

Добавить комментарий