ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«SAMRUK UMITI»: жоба қатысушылары жасанды интеллект арқылы армандаған жұмыстарын көрді

23/04/2025

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қолдауға бағытталған «Samruk Umiti» жобасы аясында кәсіби бағдар беру сабақтары жалғасуда. «Samruk-Kazyna Trust» қорының бастамасымен 8-9 сыныптың 100 оқушысы жұмысшы мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік алып жатыр.

Апта бойы өткен тренингтерде оқушылар жасанды интеллект көмегімен болашақтағы мамандықтарын визуализациялап көрді. Жасанды интеллект әрбір оқушыны өз армандаған мамандығы бейнесінде көрсетті. Мысалы, 100 оқушының көпшілігі шахтер, құтқарушы, инженер, шаштараз, аспаз сияқты жұмысшы мамандықтарды таңдаған. Ал кейбір балалар мұғалім, IT-маман, полицей, кәсіпкер рөлдерін де байқап көрді.

Осылайша, оқушылар өз қызығушылықтарын анықтап, ішкі тіректерін қалыптастырып, олардың болашаққа қалай әсер ететінін түсінуге үйренуде.

Добавить комментарий