ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» жобасы EIFL 2023 халықаралық сыйлығына ие болды

30/01/2024

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен іске асырылған «Борис Щербаковтың жасыл үйі» эко-орталығы» әлеуметтік жобасы қоғамдық кітапханалар саласындағы инновациялар үшін 17-ші EIFL сыйлығының жеңімпазы болып танылды. Қазақстандық жоба кітапханада эко-орталық құрып, климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша шаралар қабылдағаны үшін үздік атанды.

Кітапхана 1500 АҚШ доллары көлемінде сыйлық алады. Кітапханаларға арналған халықаралық электрондық ақпарат консорциумы Бас Ассамблеясының EIFL сыйлығы ғаламтордағы қауіпсіздік, климаттың өзгеруі және азаматтардың цифрлық интеграциясы саласындағы жаһандық мәселелерді шешетін қоғамдық кітапханаларға беріледі.

Эко-орталық құру бойынша «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобасы 2023 жылдың ақпан айында бастау алып, Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы №2 кітапхана-филиалының жанынан ашылды. Эко-зертхана электронды микроскоп және қаланың ауасын, суы мен топырағын зерттеу көрсеткіштерінің жиынтығымен жабдықталған сандық үлгіде құрылды. Жас экологтар 3D-принтер арқылы құстардың ұясын, кішкентай жан-жануарларға арналған протездер және өсімдіктерге арналған ыдыстар, экокәдесыйлар басып шығарады. Өлкетанушы-ғалым Борис Щербаковтың жетекшілігімен оқушылар мен мұғалімдер Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер туралы «ШҚО Қызыл кітабы» электрондық деректер базасын құрды.

Добавить комментарий