«Samruk-Kazyna Trust» жаңа орталығы Атырау облысындағы ерекше жандарды оңалтуға көмектеседі
20/08/2024
Бүгін Атырау облысының Миялы ауылында тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ, орталыққа ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдау үшін инватакси табысталды. Салтанатты ашылу рәсіміне «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева, Қызылқоға аудынының әкімі Қанат Әзмұханов, “Ембімұнайгаз” АҚ бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары Асқар Мұнара қатысты.
Шалғайдағы ауылдық жерде оңалту орталығының іске қосылуы аудан тұрғындары үшін көптен күткен оқиға болды. Себебі облыс орталығына қатынау үшін 320 шақырым жолды еңсеру талап етіледі. Бұған дейін науқастар емді үйде қабылдап, денсаулықтарын қалпына келтіру мен күтімде арнайы мекемеге зәрулік өткір сезілген.
Енді жыл сайын Қызылқоға ауданының 100-ден астам ересек кешенді оңалту көмегін ала алады. Орталық заманауи оңалту құралдарының 12 түрімен жабдықталған және инсульт, инфаркт алған, сондай-ақ түрлі жарақат алған адамдарды қабылдайтын болады. Әрбір пациенттің патологиясын ескеретін және нақты оңалту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жеке оңалту бағдарламалары жүргізілетін болады.
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан іске асатын әлеуметтік жобалар «Samruk-Kazyna Trust» қоры инклюзияны қолдауға бағытталып отыр. Соңғы жылдары біз ерекше балаларға арналған оңалту орталықтары мен бейімделген спорт секцияларының желісін құрдық. Биыл мүмкіндігі шектеулі жастарға цифрлық кәсіптерді оқытуды бастап, инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуды және басқа да көптеген жобаларды жүргізудеміз. Бүгін Миялыда Қор қолдауымен 42-ші орталықты ашып отырмыз және ерекше жандарды қолдауға арналған орталықтарды ашуды жалғастыратын боламыз», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының басшысы Альфия Адиева.
Атырау облысында «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту орталығы, ерте араласу орталығы және «Зейін Атырау» түзету орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Ембімұнайгаз» АҚ қаржыландыруымен Құлсары қаласында ерекше балаларға арналған коррекциялық орталығы іске қосылды.
«Самұрық-Қазына» бастамасымен соңғы үш жылда еліміз бойынша барлығы 42 оңалту орталығы ашылып отыр.
Добавить комментарий