«Samruk-Kazyna Trust» және Нархоз университеті меморандумға қол қойды
29/01/2025

Әлеуметтік салада, жалпы қайырымдылық бағытында жаңа көзқарастағы мамандар қажет. Біз де өз қызметімізде, жобаларды жүзеге асырарда концепцияларды жетілдіріп, жаңа тәсілдерді енгізуге тырысамыз. Әрі бұл тәжірибемізді елдік деңгейде таратып, игі істерді молайтуға үлес қосқымыз келеді.

Жақында Қор жұмысына Нархоз университеті қызығушылық білдіріп, студенттердің Қорымыздан тағылымдамадан өтуі бойынша ұсыныс жасады. Бүгін университет басшысы Қанат Қожахметпен меморандумға қол қойып, серіктестігімізді бастадық. «Әлеуметтік саясат және кәсіпкерлік», «Әлеуметтік жұмыс» сынды мамандықтарды оқып жатқан болашақ мамандар енді біздің Қорға келіп, білімдерін кеңейтіп, біліктіліктерін арттырады. Сондай-ақ, алдағы уақытта оқу орнымен басқа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келістік. Қор тарапынан көрсетілетін осындай қолдау жастардың әлеуметтік саясат пен әлеуметтік жұмыс саласындағы дамуына айтарлықтай әсер етеді деп сенеміз.
Добавить комментарий