ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» Ұлытау облысында спорт кешенін салады

25/07/2024

Бүгін «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС орнықты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов тиісті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Уағдаластық аясында екі жақ әлеуметтік жобаларды, оның ішінде Ұлытау облысының Кеңгір ауылында ауа-тірек құрылымындағы көпсалалы спорт кешенінің құрылысы жобасын жүзеге асырады.

«Спорт кешендері мен инфрақұрылымға әлеуметтік инвестиция халықтың денсаулығын нығайтуда және өңірлерді дамытуда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ ауылдық жерлерде жастардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне елеулі ықпал етеді. Бүгінде Қор, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан ауылдық жерлерде 12 ірі кешен салды. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында осындай нысандарды салу мәселесін қарастырып жатырмыз. Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесе салу жоспарланған жаңа спорт нысаны қос тараптың ынтымақтастығы мен өңірлерді қолдауда жемісті қадам болатыны анық», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева.

Аумағы 1,5 мың шаршы метрден асатын кешенде шағын футбол, волейбол өткізуге арналған аймақтар, теннис корты, баскетбол алаңы, жүгіру жолы, спорт құрал-жабдығын сақтауға арналған, жаттықтырушылар мен күзетшілерге қажет жайлар, киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелері көзделген. Кешеннің құрылысы биыл басталады.

Айта кетейік, бұған дейін «Samruk-Kazyna Trust» қоры компаниялар тобы атынан cоңғы үш жылда 12 спорт кешені мен 26 спорт-ойын алаңын іске қосты.

Добавить комментарий