ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» үздік қайырымдылық қор атанды

26/01/2024

Қорға «Үздік қайырымдылық қоры» сыйлығын Қазақстанның Еңбек ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов тапсырды. Марапат Қордың Астана қаласында қоғам алдындағы есеп беруі кезінде салтанатты түрде берілді.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстандағы қайырымдылық, меценаттық, еріктілер қозғалысын ынталандыру үшін «Ардагерлер ұйымымен» бекітілген «Ақ Бата» номинациясы бойынша «Үздік қайырымдылық қоры» деп танылды.

«Қаншама ауылда спорт алаңдары мен кешендері бой көтеріп, ерекше балалардың ата-аналары алысқа сабылмай, бүлдіршіндерін жақын жерден ашылған заманауи оңалту орталықтарына апаруда. Ілкімді істерге бастамашы атанып, мұқтаж жандардың жанынан табылып, еліміздің өркендеуіне еселі үлес қосып жатқандарыңызға кезекті рет куә болдық. Ізгі істердің, нақты істердің қоры болып жүре беріңіздер!», – деп атап өтті Бақтықожа Ізмұхамбетов.  

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2023 жылы денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім, мәдениет пен спорт салаларында құны 7,2 млрд теңге болатын 46 әлеуметтік жобаны іске асырды.

Добавить комментарий