«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Өскемен қаласында аутизмі бар балаларға арналған түзету мектебінде сенсорлық кабинеттер ашылды

04/10/2022

Мұғалімдер күні қарсаңында аустикалық спектрі бұзылған балаларға арналған «Страна чудес» арнайы мектеп-балабақшасы толыққанды жөндеуден кейін өз ғимаратына көшті. Мекеменің балабақша бөлімінде ерекше білім қажеттілігі бар 72 бала тәрбиеленуде. Кабинеттерді жаңарту мен залдарды заманауи жабдықтармен қосымша жабдықтау арқасында аустикалық спектрі бұзылған 39 бала бастауыш сыныпқа баруға мүмкіндік алды.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Страна чудес» оңалту-дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің жобасы аясында, аутизмі бар балаларды түзету және оңалту саласындағы заманауи еуропалық стандарттарға және әлемдік инновациялық әзірлемелерге сәйкес, екі сенсорлық интеграция залын арнайы жабдықтармен жарақтандыруды қаржыландырды. Жобаның бюджеті 3 миллион теңгені құрады.

Ерекше балалар айрықша назар мен қамқорлықты қажет ететіні аян. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан әлеуметтік жобаларды қаржыландыру Қазақстанның көптеген облыстарында инклюзияны дамытуда елеулі үлес болып табылады. Өйткені өңірлік жобаларды дамыту «Samruk-Kazyna Trust» қорының қызметіндегі жаңа басымдық саналады.

«Страна чудес» тәрбиеленушілерін Өскемен қаласы әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Смит Ирина, «ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасының стратегияалық даму жөніндегі орынбасары Самрат Дауылбаев және басқа да қонақтар құттықтады.

Comments are closed.