ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері Ұлытау өңірінің жұртшылығымен кездесті

19/09/2022

2022 жылдың 19 қыркүйегінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен және Ұлытау облысы әкімдігі қызметкерлерімен кездесті.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі донорларының бірі бола отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан еліміздің барлық өңірінде жобаларды жүзеге асырады. Жезқазған қаласындағы кездесу жергілікті ҮЕҰ-дарды ынтымақтастыққа тарту мақсатында ұйымдастырылды.

ҮЕҰ бұқарада қалыптасқан әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өз жобаларын ұсына алса, Қор тарапы олардың ішінен барынша көп халыққа пайдалы әрі жүйелі, орнықты болатынын қолдауға әзір.

«Біз бұл кездесуді аймақтық үкіметтік емес ұйымдарды тың әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Осылайша еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Бұл тұста Қорымыз азаматтық секторды шағын бастамаларының ауқымын кеңейтуге шабыттандыруға күш салмақ. Мысалы шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс, тіпті бүкіл ел үшін игілікті болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз, Ұлытау облысының белсенді ҮЕҰ-ын ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева.

Кездесуге қатысқан ҮЕҰ өкілдері өздерінде бар жобалар туралы айтып бергеннен тыс, өңірлеріндегі Қордың қызметі мен жобаларына қызығушылық танытты.  

Бас директордың сөзінше, «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан жаңа Ұлытау облысының дамуына үлес қосуға әзір.

Мәселен, Қор тарапынан аймақ елдімекендеріне науқастарды кез-келген қашықтыққа жылдам тасымалдауды қамтамасыз ету, зардап шеккендердің өміріндегі қауіп-қатерді жою және дер кезінде көмек көрсету мақсатында 5 жедел жәрдем көлігін алу, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауда арнайы 3 автокөлікпен (инватакси) жабдықтау көзделіп отыр.

Қазір Қор өңірді дамыту бойынша жаңа бастамаларға ашық екенін мәлімдейді. Өтінімді қалай беру туралы барлық ақпарат сайтта қолжетімді: www.sk-trust.ibitrix.kz. Сондай-ақ call-орталық жұмыс істейді: +7 (7172) 57-68-98.

Добавить комментарий