ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

ЖАҚСЫ ІСТЕР ӨМІРГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

13/04/2023

Өткен жылдағы белсенді үгіт-насихат жұмыстың нәтижесі болса керек, үш айда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына 64 өтінім келіп түсті. Бүгінде олардың 7-і ғана 1,2 млрд теңгеге қамқоршылық кеңес мүшелерімен қолдау тапты.

Қорға келген өтінімдердің қатарын өнер мектептерін ұлттық музыка аспаптарымен, ауыл кітапханаларын мемлекеттік тілдегі кітаптармен және кітапханаға қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу секілді жобалармен толықтырылды. Бүгінгі күнделікті қызметімізді ұлт, руханият мәселесін назарда ұстағымыз келеді. Осы орайда «Ана. Бала. Тіл» ұғымдарын басшылыққа алдық.

Осы жылы ел игілігіне берілген жобаларды атап өтсек:

2023 жылдың алғашқы тоқсанында денсаулық сақтау, білім беру, халықтың осал топтарын қолдау және өңірлерді дамыту бағыттарында саналуан жобалар өмірге жол тартты. Жыл басынан бері Ұлытау, Жетісу, Абай, Ақтөбе, Түркістан және Атырау облыстарындағы «Табысты отбасы» және «Әрекет» жобасы аясында 400-ден аса тұрғын қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тегін оқыту курстарынан өтсе, бүгінде оның 369 кәсібін бастап, еңбекпен қамтылып табыс табуда.

Спорт саласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмады. Осы мақсатта - Ақтөбе, БҚО, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының мүгедектігі бар адамдарға арналған клубтар мен мектептерге отырып ойнайтын волейболға қажет еден жабындары, тіректер мен торлар жиынтығы, сондай-ақ волейбол доптарын тегін табысталды.

Балалардың емін-еркін ойнап, алаңсыз жүруі үшін Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Жетібай ауылында және Тараз қаласында 22 әмбебап балалар спорт алаңы іске қосылып, халық игілігіне пайдалануға табысталды.

Шымкент қаласында және Павлодар облыстарында алғаш рет аутизм және ерте араласу орталықтары ашылып халыққа пайдалануға бердік. Алдағы уақытта дәл осындай орталықтар Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Жетісу облыстарында және Алматы қаласында өз жұмыстарын бастайды.

Жобалар демекші, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында «Ынтымақ» жобасын қолға алдық. Жоба аясында Қор компанияларындағы 120 жас маман Алматы мен Атырау, Ақтау қалаларындағы әлеуметтік нысанда болып үлгерді және осы айда Павлодар өлкесіндегі әлеуметтік нысандар жас мамандарға таныстырылады. Алдағы уақытта өзге де өңірлерде тиісті іс-шаралар жоспарлануда.

Бүгінгі күнделікті қызметімізді ұлт, руханият мәселесін назарда ұстағымыз келеді. Осы орайда «Ана. Бала. Тіл» ұғымдарын басшылыққа алдық. Оған дәлел, қазірдің өзінде өңірлердегі өнер мектептерін ұлттық музыка аспаптарымен, ауыл кітапханаларын мемлекеттік тілдегі кітаптармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Добавить комментарий