«Samruk-Kazyna Trust» қорына 1 млрд теңге аударылды
13/06/2024
«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева «Азиялық Газқұбыры» ЖШС бас директоры Ерсейіт Қайыповпен кездесіп, онда Қордың қайырымдылық қызметі, тасқынмен күрес бойынша қабылданған шаралары талқыланды.
Жиында «Азиялық Газқұбыры» ЖШС тарапынан «Samruk-Kazyna Trust» қорына су тасқынының салдарымен күреске 1 млрд теңге қаражат бөлу туралы келісімге келді.
«QazaqGaz» АҚ еншілес компаниясы «Азиялық Газқұбыры» – газ тасымалдау және қамтамасыз етумен айналысатын Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорны. Қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес бұл қаражат зардап шеккен өңірлерде әлеуметтік жобаларды іске асыруға жұмсалатын болады.
Cонымен бірге осыған дейін «QazaqGaz» АҚ тағы бір еншілес кәсіпорны «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ 1 маусымда өткен ерекше балаларды қолдауға бағытталған «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафонына 9,2 млн теңге көлемінде қаражат аударды. Бұл сома және шара аясында жиналған барлық қаражат Астана қаласындағы бес орта мектепте инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға жұмсалады.
«Samruk-Kazyna Trust»-қа Қордың отандық және шетелдік бизнес серіктестері мен еншілес кәсіпорындарынан игі іске өз үлестерін қосуды жалғастыруда. Бүгінгі таңда қайырымдылық операторына 1,4 млрд теңге түсті.
Жалпы елде төтенше жағдай жарияланғалы «Самұрық-Қазына» комапниялар тобы атынан 22 млрд теңге қаражат бөлініп, бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.
Добавить комментарий