«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қостанай облысының ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын бірінші кезекте қолдауға дайын

06/09/2022

Қостанай облысындағы төтенше жағдай кезінде өрт салдарымен бірлескен күрес, уақтылы ден қою және нақты шаралар қабылдау кезінде тиімді болатыны анық. «Самұрық-Қазына» АҚ атынан топтың барлық компаниялары солтүстік өңір тұрғындарына жан-жақты көмек көрсету бойынша бірқатар шараларды қолға алуда.

«Қостанай облысында өрттен зардап шеккен отандастарымызға қиындықта бірге екенімізді жеткізгім келеді. Келтірілген залалдың көлемі анықталғаннан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, өртеніп кеткен ауылдардың тұрғындарына қалыпты өмірді қалпына келтіруге көмек көрсету бойынша бірқатар қосымша шаралар қабылдамақпыз. Қостанайлық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды зардап шеккен аудандарға қол ұшын созу үшін бізге қайырымдылық жобаларына өтінім беруге шақырамыз», - деп мәлімдеді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Қордағы қолданыстағы «Жеңіс» жобасы аясында өңірде Ұлттық еріктілер желісінің еріктілері өз жұмыстарын жүзеге асыруда. Олар Қостанай облысында тұратын әрбір ардагер мен тыл еңбеккеріне барып, азық-түлік себеттерімен және бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз етеді.

Келесі аптада, 11 қыркүйектен бастап Қостанай өңірінде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын бастайды. Қыркүйек айының соңына дейін ондағы дәрігерлер Сарыкөл, Жаркөл, Тоғызақ, Зааятская, Қазанбасы, Қойбағар, Ковыльная, Тасты-Талды және Фурмановский станцияларының тұрғындарын тегін қабылдайды.

«Жәрдем» екінші медициналық құрамы Түркістан облысында жұмысын жалғастыруда.

Жоғарыда атап өткендей, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының мамандары, Қостанай облысының коммерциялық емес ұйымдарына өрттен зардап шеккендерге қайырымдылық көмегін көрсету мәселелері бойынша жедел кеңес беруге дайын.

Қайырымдылық көмек көрсету және мониторинг жүргізу ережесімен www.sk-trust.kz сайтында, сондай-ақ +7 7172 576898 жедел желі телефоны арқылы танысуға болады.

Comments are closed.